Тағы да айтатыным өте ауыр жағдайда жеткізілді деп неге бұрмалап жауап жазып тұрсыңдар. Өз аяғымен барған кісіні нашарлатып өздеріңді қорғап. Биопсия ала алмаймыз, жағдайы ауыр деген бір ақ жауап беріп шығару керек еді онда ең басында. 7 күн емдеп жатырмыз деп обезболивающий дәрімен ұстамай. Реті келсе алда заң алдында да жауап бересіңдер. Ешқандай профессионал врач жоқ, ешкімді бұл ауруханаға түсірмесін!
Сіздің қайғыңызға ортақтасып, жақыныңыздан айырылуыңызға байланысты шын жүректен көңіл айтамыз.
Сонымен қатар, көрсетілген медициналық көмектің сапасына қатысты шағыммен уәкілетті мемлекеттік органға жүгіну – Сіздің заңды құқығыңыз.
Шындыққа сай келмейтін мәліметтерді тарату, сондай-ақ ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеледі (ӘҚБтК-нің 73-3-бабы, ҚК-нің 131-бабы).
Әлеуметтік желілерде ресми немесе дәлелді растаусыз жалған ақпарат тарату арқылы Сіз медицина қызметкерлері мен клиниканың ар-намысы, абыройы мен іскерлік беделіне қатысты жеке мүліктік емес құқықтарын өрескел бұзудасыз.
Осыған байланысты барлық жариялаған пікірлеріңізді дереу өшіруіңізді талап етеміз.
Сендерге сенім артып больницаға жатқан анамның жасаған емдеріңнен жағдайы ауырлап жатыр, Құдай жазаларыңды берсін. баста Темур Ешмуратов, тағайындаған дәрігері Абубакир Сатаев,адам өмірі сендерге ойыншық болған сияқты., сендерден көмек сұрап барғанда инсульт болуына жол ашатын ем көрсетіп шығарып салдыңдар.
Анаңыздың жағдайына алаңдаушылығыңызды түсінеміз. Бұл – кез келген отбасы үшін ауыр әрі сезімге толы кезең.
Анаңыз біздің ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Күрделі клиникалық көрініс жағдайында біздің мамандар нақты әрі қауіпсіз шешім қабылдауға бар күшін салды. Жүрек пен қанайналым жүйесі бойынша бірнеше ауыр диагноз анықталып, инсульт қаупі жоғары деп бағаланды. Осыған байланысты аритмолог, кардиолог, торакалды хирург және басқа да бейінді мамандардан құралған консилиум өткізілді.
Жасы 80-ге таяп қалған (76 жас) анаңыздың жалпы жағдайын ескере отырып, әрбір қадам мұқият сарапталды. Жағдайдың күрделілігіне қарамастан, отаның пайдасынан гөрі қаупі басым деп бағаланып, оны жасамау жөнінде ұжымдық шешім қабылданды.
Көрсетілген ем нәтижесінде жағдайы тұрақталып, үйіне шығарылды.
Біздің жұмысымыздың негізі — дәлелді медицина мен кәсіби консилиум шешімдеріне сүйене отырып, күрделі жағдайларда да ең тиімді әрі қауіпсіз шешімді табу. Біз үшін басты құндылық — адам өмірі мен оның сапасы.
Сізбен ашық диалогқа әрдайым дайынбыз. Қосымша сұрақтарыңыз болса, бізбен байланысыңыз.
Erensau Hospital әкімшілігі