ruen

Отзывы

Большое спасибо ангиохирургу Касымбаеву Ернуру Ермуратовичу за профессионализм и человечное отношение к пациентам. Госпиталь, условия, питание и уход на приличном уровне, рекомендую.
2025-06-11
Черногрицкая Александра
Хочу выразить искреннюю благодарность всему коллективу госпиталя Еренсай MEDITERRA за высокий профессионализм, чуткое отношение и слаженную работу при проведении моей операции. Отдельные слова признательности заслуживает Коспанов Нурсултан Айдарханович, к.м.н., руководитель профиля ангиохирургии. Его опыт, уверенность и внимательный подход стали основой моего спокойствия и доверия с первых дней пребывания в клинике. Особую благодарность за высокую эффективность и современный подход к лечению продемонстрировал Маслов Тимур Вячеславович, заведующий рентгенэндоваскулярной хирургией. Благодаря его работе диагностика и оперативное вмешательство были проведены на высочайшем уровне. Благодарность Сыдыкову Ерлану Туржановичу, врачу интервенционному кардиологу, рентгенхирургу, за ювелирную точность, грамотный подбор тактики лечения и доброжелательное общение. Хочу отметить лечащих врачей ангиохирургии — Касымбаева Ернура Ермуратовича, Амангалиева Жанибека Мухамбетжановича, Кадырбаева Султана — за неустанное внимание, отзывчивость и профессиональную заботу на всех этапах лечения. Также выражаю благодарность Таменову Ишанбеку Жолдасбековичу, торакальному хирургу, за участие в консультациях и готовность помочь в сложной ситуации, и Тлеуберлину Таймазу Казбулатовичу, кардиохирургу, за экспертное мнение и вклад в успешный исход лечения. Каждый из вас внёс неоценимый вклад в моё выздоровление. Чувствуется, что в госпитале работает настоящая команда, где каждый специалист — на своём месте, а пациент — в центре внимания. С уважением и благодарностью, Пациент Козлов В.В.
2025-06-05
Вадим

Тағы да айтатыным өте ауыр жағдайда жеткізілді деп неге бұрмалап жауап жазып тұрсыңдар. Өз аяғымен барған кісіні нашарлатып өздеріңді қорғап. Биопсия ала алмаймыз, жағдайы ауыр деген бір ақ жауап беріп шығару керек еді онда ең басында. 7 күн емдеп жатырмыз деп обезболивающий дәрімен ұстамай. Реті келсе алда заң алдында да жауап бересіңдер. Ешқандай профессионал врач жоқ, ешкімді бұл ауруханаға түсірмесін!

Сіздің қайғыңызға ортақтасып, жақыныңыздан айырылуыңызға байланысты шын жүректен көңіл айтамыз.

Сонымен қатар, көрсетілген медициналық көмектің сапасына қатысты шағыммен уәкілетті мемлекеттік органға жүгіну – Сіздің заңды құқығыңыз.

Шындыққа сай келмейтін мәліметтерді тарату, сондай-ақ ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеледі (ӘҚБтК-нің 73-3-бабы, ҚК-нің 131-бабы).

Әлеуметтік желілерде ресми немесе дәлелді растаусыз жалған ақпарат тарату арқылы Сіз медицина қызметкерлері мен клиниканың ар-намысы, абыройы мен іскерлік беделіне қатысты жеке мүліктік емес құқықтарын өрескел бұзудасыз.

Осыған байланысты барлық жариялаған пікірлеріңізді дереу өшіруіңізді талап етеміз.

2025-06-02
Майя
Ешқандай жүрекке байланысты шағымы болмаған. Тек қана битпсия алу үшін мекемеңізге жүгіндік, басқа қандай ауруы бар екен анықта демедік, неге сұрамайсыңдар, операцияға дайындап жатырмыз деп уақытты созып, әр түрлі ауыр дәрілер беріп өз беттеріңізше ауру анықтап, оны емдеген болып жағдайын керісінше нашарлаттыңыздар. Анам негізгі ауруына байланысты емес, жасаған емдеріңнен әлсіреп қайтыс болды… Алғыс емес қарғыс Erensau Hospital дәрігерлеріне.
2025-06-02
Майя

Сендерге сенім артып больницаға жатқан анамның жасаған емдеріңнен жағдайы ауырлап жатыр, Құдай жазаларыңды берсін. баста Темур Ешмуратов, тағайындаған дәрігері Абубакир Сатаев,адам өмірі сендерге ойыншық болған сияқты., сендерден көмек сұрап барғанда инсульт болуына жол ашатын ем көрсетіп шығарып салдыңдар.

Құрметті Майя ханым,
Анаңыздың жағдайына алаңдаушылығыңызды түсінеміз. Бұл – кез келген отбасы үшін ауыр әрі сезімге толы кезең.
Анаңыз біздің ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Күрделі клиникалық көрініс жағдайында біздің мамандар нақты әрі қауіпсіз шешім қабылдауға бар күшін салды. Жүрек пен қанайналым жүйесі бойынша бірнеше ауыр диагноз анықталып, инсульт қаупі жоғары деп бағаланды. Осыған байланысты аритмолог, кардиолог, торакалды хирург және басқа да бейінді мамандардан құралған консилиум өткізілді.
Жасы 80-ге таяп қалған (76 жас) анаңыздың жалпы жағдайын ескере отырып, әрбір қадам мұқият сарапталды. Жағдайдың күрделілігіне қарамастан, отаның пайдасынан гөрі қаупі басым деп бағаланып, оны жасамау жөнінде ұжымдық шешім қабылданды.
Көрсетілген ем нәтижесінде жағдайы тұрақталып, үйіне шығарылды.
Біздің жұмысымыздың негізі — дәлелді медицина мен кәсіби консилиум шешімдеріне сүйене отырып, күрделі жағдайларда да ең тиімді әрі қауіпсіз шешімді табу. Біз үшін басты құндылық — адам өмірі мен оның сапасы.
Сізбен ашық диалогқа әрдайым дайынбыз. Қосымша сұрақтарыңыз болса, бізбен байланысыңыз.
Ізгі тілекпен,
Erensau Hospital әкімшілігі
2025-05-17
Майя
Жанымды шүперекке орап талай емханалардың кеңесін алсамда ем қолдана алмады. Диагноз: "Аневризма грудного отдела аорты с признаками разрыва" Алдымен Талдықорған қаласында, Алматы қаласында «Национальный научный центр хирургии им. А.Н. Сызганова» Содан кейін Erensau Hospital ​емханасына бет бұрдым. Шұғыл түрде жылы қарсалып, ФОМСтың квотасымен ақысыз күрделі ота жасап, жанымды аман есен алып қалды. Erensau Hospital емханасының ұжымына ҮЛКЕН АЛҒЫСЫМДЫ айтқым келеді. Құрметті ақ халатты абзал жандар! Дерт меңдеп, дауа іздегенде дәрігерге жүгінетініміз анық. Иә, ауру азабын тартқан сәтте ажалға араша болатын ақ халатты жандардың еңбегі өлшеусіз ғой. Мұндайда уайым кешкен жүрекке сабыр сыйлайтын, күдікті сейілтіп, үмітті қайта жандырып, аурудан айықтыру үшін бар күш-жігерін аямайтын қолы алтын, жүрегі нұрлы ақ желеңді абзал жандарға қандай мақтау сөз айтсаңыз да артық етпейді. «Қазақта «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген аталы сөз бар. ең алдымен дертіме шипа, жаныма қуат берген Erensau Hospital . Алтын алақандарыңыздан жазылған Жуманов Жастар .
2025-04-30
Жастар Жуманов
Хочу поблагодарить весь Ваш мед.персонал, за то, что они все Профессионалы своего дела. В чнваре месяце была проведена операция на ноге с диагнозом «Флегмона нижней конечности 3-й степени», оперировал замечательный хирург Долаев Жарас Асхатович, это ПРОФЕССИОНАЛ своего дела, с большой буквы этого слова и его ассистента Али, медсестры процедурного кабинета Мадина!!! Отдельное спасибо персоналу реанимации и опер.блока Аяужан, Аружан, Фёдору и Архату за чуткость и внимательность к пациентам!Благодарю весь медицинский персонал за отличную, ответственную работу! Не дотягивает санитарный персонал, но это уже мелочи. БЛАГОДАРЮ Ваше руководство, за столь тщательно и грамотно подобранный персонал ПРОФЕССИОНАЛОВ!!!
2025-02-26
Рустам
Бүгін дертіме дауа, жаныма шипа берген "ERENSAU HOSPITAL" клиникасына шын жүректен алғысымды білдіргім келіп отыр. Алдымен қысқаша өз оқиғамды айтуды жөн көрдім. Мен, Есенова Марал, қан тамырларының ауруларына (варикозға) 25 жылдай шағымданып келдім. Бастапқы кезеңінде 1999 жылдары ангиохирургтармен ұсынылған емдерден қорқып, бас тартып жүріп алдым. Аяғында 2020 жылдан бері тобығыма "трофическая язва" шығып, айлап-жылдап жазылмай жүретінді шығарды. Бармаған жерім, баспаған тауым қалмады. Емші, бақсы аралап, әр түрлі клиникаларға барып медициналық еммен қатар халық емін қосып емделіп жүргенде язваның біреуі жазылса, артынан қайта біреуі шығып жылдар бойы мазамды алып жүрді. Тіпті әр шыққан жараның жазылу мерзімінің ұзақтығы да ұлғая бастады. Мысалы, ең алғаш шыққан жара алты айда жазылса, екіншісі сегіз ай, үшіншісі бір жыл, төртіншісі 1,5 жылда әрең жазыла бастады. Содан ақсаңдап, аурудан шаршап жүрген түрімді көріп, бір танысым осы “Медитерра” клиникасында мықты дәрігерлер бар екенін айтып, олар нақты көмектеседі деп үміт отын жағып, ангиохирург Аканов Ержан Құсманұлына баруыма кеңес берді. Көп ойланбастан "Осы клиниканы да көрсем көрейінші” деген оймен "Алла емімнің шипасын берші",- деп "Медитерра" клиникасының табалдырығын аттадым. Сол күннен бастап Ержан Құсманұлы емімді қолына алып, емдей бастады. Жаз бойы "қайта таңу" бөлмесінде Бахтияр Яшаевич екеуі "язва" жарама жақсылап перевязка жасап беретін. Уайымымды сейілтіп, көңілімді көтеріп, ем-домын жазып беретін. Сонда дәрігерлердің соншалықты қарапайымдылықтарына, кішіпейілділіктеріне тәнті болдым. Ем барысында жүректері сонша мейірімге толы, сондай адамгершілік қасиеттері бойларынан тасыған дәрігерлердің қолына кезіккенім үшін, жасаған жақсылықтары үшін қуанғаннан тіпті кейде көңілім босап көзіме қуаныш жасы келген күндер де болды. Бұл жараның келешектегі емі ота жасалыну керектігі туралы алдын-ала айтып дайындаған соң, дәрігерлерге сенім артып келістім. Жоспарлы ота 2025 жылдың 23 қаңтар күні жасалынды. Аллаға шүкір дәрігерлердің жоғары тәжірибелігі мен кәсіби шеберліктерінің арқасында бәрі сәтті, жақсы өтті. Осы орайда ең алдымен шексіз алғысымды емдеуші дәрігерім Ержан Құсманұлынан бастағым келіп отыр. Құрметті Ержан Құсманұлы! Сіздің кәсіби шеберлігіңізге, сабырлылығыңыз бен жанашырлығыңызға тәнті болдым. Өзім аутоиммунды аурулардың бірі системная красная волчанкамен ауыратын болғандықтан, Ержан Құсманұлы операция жасамас бұрын, мұқият тағы да өзге дәрігерлердің қосымша кеңесін алдыртты. Яғни бұл - дәрігердің әрбір науқасқа деген жоғары деңгейдегі қамқорлығы мен жауапкершілігінің дәлелі. Қолы алтын, жүрегі мейірімге толы дәрігерім - Ержан Құсманұлы сізге шексіз алғысымды, шексіз құрметімді сөзбен жеткізе алмаймын. Сізге қатты риза болдым! Сонымен қатар, операцияның сәтті өтуіне ат салысқан, уайым кешкен жүрекке сабыр сыйлап, күдікті сейілтіп, үмітті қайта жандырып, аурудан айықтыру үшін бар күш-жігерін аямайтын қолдары алтын, жүректері нұрлы ангиохирургтар Алимир Исаханұлына, Ернұр Ермұратұлына және резидент Сұлтан Есенғалиұлына алғысым шексіз ?. Осындай өте білікті, кәсіби мамандардың қолына түскеніме өте қуаныштымын. Операция алдын еш ауыртпай наркоз салып берген анестезиолог Мамут Абдікәрімұлына алғысымды білдіремін. Және операция бойы көңілімді алаңдатып, толқу мен қорқынышымды басып, керемет қолдау жасаған резидент Ержан Сағатұлына өте қатты риза болдым. Жас та болса, білікті дәрігерлер мектебінің шәкірті екенін өз ісімен көрсетіп жатқандығына қарап, болашақ мықты анестезиолог екен деп ойға кеттім. Операциядан кейінгі қал-жағдайыма қол ұштарын созған медбрат Дулат пен Ерсінге және Дильяра, Дильназ, Балжан, Меруерт есімді мейірбикелерге алғысым шексіз. Бөлімдегі "қайта таңу" бөлмесінде өз істерінің кәсіби маманы резидент Альбина мен Ескендірге көптен-көп алғысымды айтамын. Күнделікті таңғы уақыт палатаға кіріп, жағдайымызды сұрап, жасап жүрген аға мейірбике Балжан Серікқызына алғысым ерекше. Палатамызды айнадай жуып, тазалықтың ханымдары Әсиям, Бақыткүл, Шәмшінұр, Гулистан, Санаға мың да бір рахметімді білдіремін. Аспазшы қыздар Ләйлаға көптен-көп рақмет. Тағамдар өте дәмді болды, әсіресе таңғы ботқалар. Жалпы бөлімнің өзінің ұйымдастырушылық пен жауапкершіліктері жоғары деңгейде. Әр маман өз істеріне тиянақты, жылы сөз, ізгі лебіздерімен адам жанын жадыратады. Денсаулығымның қалпына келуіне көрсеткен қолдауларыңыз бен кәсіби көмектеріңіз үшін БАРШАҢЫЗҒА өте ризамын. Операция алдын кеңес беруге келген дәрігерлер эндокринолог Мадина Бауыржанқызы мен ревматолог Жазира Асылбекқызы да қатты ұнады. Дәрігерлердің барлығы өз ісінің майталман шеберлері екен. Құрметті "ERENSAU HOSPITAL" клиникасының ақ халатты абзал жандары мен барлық қызметкерлері! Сіздерге мың да бір рақметімді айта отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шексіз бақыт тілеймін! Жақсылық атаулы жолдастарыңыз, сәттілік серіктеріңіз болсын! Дерт меңдеп, дауа іздеген, сырқаттанып жанына шипа іздеген науқастардың еміне шипасын беріп, қолдарыңыз жеңіл болып, құлан таза айығып кеткен жандардың тек алғысына бөлене беріңіздер! Сіздерге МЫҢ АЛҒЫС, МЫҢ ҚҰРМЕТ! Ізгі ниетпен, емделуші Есенова Марал
2025-02-01
Есенова Марал Дуйсенбаевна
От всей души благодарю всю команду клиники Еренсау ( бывшая Медитерра) за отличную, добросовестную работу. За профессионализм. Отдельное спасибо Ержану Кусмановичу , Даулету Толегеновичу и Раимбеку Талгатовичу за их работу . Желаю процветания и благополучия Вам.
2024-12-31
Айнура
Хочу выразить огромную благодарность замечательному врачу-ангиохирургу Долаеву Жарасу Асхатұлы, врачу УЗДГ Асанову Ернар Талғатұлы, а также всему лечащему медицинскому персоналу клиники ERENSAU HOSPITAL (МЕДИТЕРРА) за вашу добросовестную работу, профессионализм, чуткое и внимательное отношение и заботу к пациентам. Хочу пожелать всему Вашему коллективу крепкого здоровья, счастья, процветания и успехов в Вашей нелёгкой работе. Рекомендую эту клинику всем, кто ищет надежное и высококвалифицированное медицинское учреждение.
2024-12-24
Дунияханым
Хочу выразить огромную благодарность врачам сосудистой хирургии Коспанову Н.А, Калыкову А.Б, Толеген А.И., Касымбаеву Е.Е., а также всему лечащему мед.персоналу ТОО «Medittera» за вашу добросовестную работу, профессионализм и чуткое отношение к пациентам. Благодаря вашему вниманию я смог пройти лечение, которое значительно улучшило мое здоровье и качество жизни. Клиника также оставляет только положительные впечатления: качественное и разнообразное питание, уютные палаты. Поздравляем всех с праздником! Желаем здоровья всему вашему коллективу, дальнейшего процветания и успехов!
2024-12-16
Владимир
Салеметсиздерме! Мен озимнин шексиз алгысымды , балалар кардиохирургы Байжигитов Нурлан Болатовичка билдиргим келеди ?? Оз исинин мыкты маманы,оте жаксы адам! Кызыма операция жасатып шыктык оте жаксы жагдайымыз шукир Аллага ?? Биринши Алла екинши Нурлан Болатовичтын аркасында жаксы отти бари ?? Улкен Рахмет Нурлан Болатович!!!!
2024-12-12
Анар